- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Ділмар» дебат клубы еліміздің әр өңірінде жүрген Өскемен қалалық дебат түлектері арасында «DAT: Not forgotten» кешін өткізді.
Кеш мақсаты – әр өңірдегі түлектердің басын қосу арқылы естеліктерді жаңғырту, жастарға бағыт-бағдар беру, түлектер тәжірибесімен бөлісу, дебат клубтары арасындағы достықты нығайту, қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылау.
Кешке 2014 жылдан бергі түлектер қатысып, әрқайсысы өз жетістіктерін, дебаттардың түлектер өмірінде қандай рөлде болғанын, не үйреткенін айтты. Шағын сұхбаттан кейін ойыншылар топтарға бөлініп, берілген қарарлар бойынша ойындар ойнады.
Тунирге арнайы шақырылған 20 түлек пен қалалық дебатерлер қатысты. Төрешілер тағайындалып, кеш қортындысы бойынша әр түлекке жеке номинация табысталды. 2016 жылдың түлегі Дидар Рысбек бастаған төрешілер фан дебат форматында өткен ойынды қортындылады.
Кездесіу Zoom, Google Meet, Telegram платформаларында өтті, барлық ақпараттар Telegram каналында жарияланды. Кеш қортындысы бойынша түлектер «Ділмар» дебат клубының мүшелеріне алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі