Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың екі білім алушысы «Қазақстанның үздік магистранты» атанды

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындарының магистранттарына қолдау көрсету мақсатында «Қазақстанның үздік магистранты-2020» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Өтініштер шетелде және біздің елде түрлі оқу орындарында оқитын табысты магистранттардан қабылданды.

Магистранттардың студенттік өмірдегі, магистратурадағы жетістіктері (дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар мен мақалалар) ескерілді.

Бұл байқауға «Экономика» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранты Әдия Сауытжан, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранты Райгүл Қайырбаева қатысты.

Студенттік өмірдегі және магистратурадағы ғылыми жетістіктерін растаудың арқасында Әдия Сауытжан мен Райгүл Қайырбаева «Қазақстанның үздік магистранты-2020» жобасының жеңімпаздары атанып,  үздік магистранттардың халықаралық кітап коллекциясын алды, «Қазақстан үздік магистранты-2020» төсбелгісімен, куәлігімен және I дәрежелі дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшілеріне алғыс хат берілді.

Магистранттарды және ғылыми жетекшілерін байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз және келешекте шығармашылық табыс тілейміз!

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo