Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың филолог-студенттері АлтМУ-дағы Орыс тілінде ашық білім беру жөніндегі сібірлік орталықтың (Ресей) іс-шараларына қатысты

Оқытушылар Н.Н.Будникованың, Г.И.Полторжицкаяның, А.А. Сағынаеваның, А.Ж.Тоқтыбаеваның топтарында орыс тілін оқып жүрген С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 1-4 курс студенттері бір ай бойы орыс тілі бойынша білім беру курстарынан өтті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ресей Федерациясы) базасында құрылған Орыс тілінде ашық білім беру жөніндегі сібірлік орталықпен белсенді ынтымақтастық орнатқан. 

Студенттер «Шетелдік студенттерге арналған орыс тілі: емле және тыныс белгілері», «Шетелдік студенттерге арналған орыс тілі: қазіргі орыс әдеби тілінің нормалары», «Шетелдік студенттерге арналған орыс тілі: грамматика және мәтін» курстарына қатысты.

«Орыс тілі мен әдебиеті», «Журналистика», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шет тілі: екі шетел тілі», «Құқықтану», «Химиялық криминалистикалық сараптама», «Химия», «Алғашқы әскери дайындық», «География», «Химия-Биология», «Экология» білім беру бағдарламаларының студенттері курстарға белсенді қатысты.

Студенттер спикерлермен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің басқа да жоғары оқу орындарының студенттерімен сөйлесуге, «Пушкинді бірге оқимыз» флешмобына қатысуға (Ақбота Қадыкешова, Зарема Сембекова, Карина Қасымова, Ділназ Әнурбек және т.б.), орыс тілінде электрондық іскерлік хаттарды рәсімдеп, жазуға мүмкіндік алды, «Орыс тіліндегі іскерлік хаттың білгірі» конкурсына қатысты (Нұрайым Бағдатова, Еркеназ Қорғау, Ділназ Юнусбекова, Нұртас Рыскелдиев, Ердос Дүсіпов және басқалар), Алтай педагогикалық университетінің ғалымдарына сұрақтар қойды (Қымбат Мұхамадиева, Еркежан Оралғазина және басқалар).

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo