Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың физика кафедрасында әлемге әйгілі ғалыммен онлайн-кеңес өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың физика кафедрасында Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті (РФ) инженерлік мектебінің «Бақылау және диагностика» бөлімінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, PhD докторанттардың шетелдік ғылыми кеңесшісі А.В. Градобоевпен онлайн-кеңес өтті.

Онлайн-кеңес барысында магистранттар мен докторанттарға арналған онлайн-дәрістерді ұйымдастыру және өткізу мәселелері, олардың диссертацияларының тақырыптары және зерттеулердің нәтижелері талқыланды.

Кеңеске өңірлік үш университеттің физика кафедрасының меңгерушілері – доцент Г.С. Бектасова (С. Аманжолов атындағы ШҚУ), доцент, PhD философия докторы Г.У. Ерболатова (Д. Серікпаев атындағы ШҚТУ), доцент О.А. Степанова (Шәкәрім атындағы университет) және ғылыми кеңесшісі, «Физикалық және химиялық ғылымдар» бағыты бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы, ф.-м.ғ. докторы, профессор М.Қ. Сқақов қатысты.

Градобоев Александр Васильевич – өз саласындағы әлемге әйгілі ғалым, көптеген ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі. Ол ашық баспасөзде 65-тен астам еңбек (оның ішінде 9 авторлық куәлік пен патент, бір монография), жабық баспасөзде 8 еңбек (оның ішінде 3 патент) жариялады. 

Физика кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo