Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы: «Абайтанудың» 4-томы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы студенттер мен оқытушыларды «Абайтану» сериясының көптомдық басылымымен таныстыруды жалғастыруда.

«Қазақ университеті» баспасы 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін басып шығарған көптомдықтар абайтану бойынша таңдаулы зерттеулерді қамтиды.

Серияға ХХ ғасырдағы абайтанушылардың классикалық еңбектері, сондай-ақ текстологтардың, әдебиеттанушылардың, тарихшылардың жаңа зерттеулері мен ізденістері кіреді. Осының арқасында серия абайтану саласындағы ғылыми ізденістердің энциклопедиясына айналды, ол Абайдың талантын жаңа биіктен бағалап қана қоймай, ақын ізбасарларының шығармашылығына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Абайтанудың» 4-томын ұсынамыз.

Басылымның төртінші томына енген  еңбектер – Б.Кенжебаев «Абай Құнанбайұлы» (1973), М.Мырзахметов, «Абай өмірбаяны – абайтанудың іргелі саласы» (1982); С.Қасқабасов «Ескендір поэмасының сюжеттік негізі» (1986); М.Мағауин «Абайдың белгісіз әңгімесі» (1989); Ш.Елеукенов «Абайдың эпистолярлық романы» (2007); Р. Сыздықова «Абай тілінің зерттелуі» (1986); А.Ыскақов «Абай және қазақ әдеби тілі» (1986); Т.Әлімқұлов «Жұмбақ жан» (1972); С.Әшімбаев «Ақын жанын жабырқатқан жайлар» (1981); Ж.Ысмағұлов «Абай аудармаларындағы Пушкин» (2006); С.Байжанов «Абайға қатысты кейбір архив деректері» (1995); Ғ.Әбетов «Абай шығармаларында би-болыс, ояз-бастықтардың сатиралық типтері» (1954); Ә.Нарымбетов «Сегіз аяқ – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы» (2007); Г. Бельгер «Абай және Гете» (1986); Н.Ғабдуллин «Абай сөзді бұлай саптамаса керек» (1993); А.Егеубаев «Адамшылықтың алды – ар, ақыл» (1998); Б.Майтанов «Абай тұлғасының ерекшелігі» (2010).

Серияның баспагерлері бастапқыда әр кітап жаңалығына толық қолжетімділікті қамтамасыз етті. Қашықтық та, карантиндік шектеулер де Абай шығармашылығын сүюшілерге жаңа басылымдармен танысуға кедергі келтірмейді. Әр кітап қағаз түрінде шығарылып қана қоймай, электронды форматқа көшірілген. Сіз оны ШҚУ Ғылыми кітапханасының веб-сайтында (https://library.vkgu.kz/) «Руханият» электронды кітапханасы» деректер базасынан және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институтының сайтынан оқи аласыз http://abai.kaznu.kz/.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo