Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай «Халық Қаһарманы» виртуалды көрмесін ұйымдастырды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына арналған «Халық Қаһарманы» виртуалды көрмесіне шақырады.  

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ (Көлбастау) ауылында дүниеге келді.

Кеңес дәуіріндегі мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл ту», «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы», 1-ші дәрежелі «Отан соғысы», 2 рет «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі», «Кеңес одағының батыры», «Халық қаһарманы» ордендерімен марапаталған.

Ол – қаһарман қолбасшы, біртуар батыр, ұлағатты ұстаз, психолог, әскери саладағы ғалым, қостілді жазушы, қазақ тілі мен мәдениетінің жанашыры,  ұлтын сүйген, заманының ауыр жүгін арқалаған азамат.

Бауыржан Момышұлы Отанын майдан даласында қорғады. Өзінің айла-тәсілдерімен, ақыл-ойының күшімен, тапқырлығымен, әділдігімен, шыншылдығымен жаудың бетін қайтарған алып тұлға мәңгі жадымызда сақталады.

Туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін халқы шексіз сүйіп, өнегесін үлгі-құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды

Тарихымызбен мақтанып, болашаққа нық қадам басайық!  

Тұсаукесер                                                                        

                                                   А. Ноғайбаева, Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo