Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы ғалым А. Жылқыбаеваның еңбектерінің көрмесін ұйымдастырып, биобиблиографиялық көрсеткіш жасады

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымы Амантай Шаймарданқызы Жылқыбаеваның мерейтойына орай  Ғылыми кітапхана қызметкерлері оның көп қырлы қызметін көрсететін еңбектерінің биобиблиографиялық көрсеткішін жасап шығарды.

Библиографиялық көрсеткішке филология ғылымдарының докторы, ЖАК доценті, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры А.Ш. Жылқыбаеваның диссертациялары, монографиялары, әдістемелік құралдары, ғылыми және публицистикалық мақалалары енгізілген.

Ғылыми жұмыстардың хронологиялық қамтылуы 1988 жылдан 2020 жылға дейін ұсынылған. Көрсеткіш филологтарға, оқытушылар мен студенттерге және ғалымның өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқандарға арналған.

Кітапхана қызметкерлері А.Ш. Жылқыбаеваны мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және көрсеткішті құрастыруда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.

Жылқыбаева Амантай Шаймарданқызының ғылыми жұмыстары «Руханият» электронды кітапханасында және «Мақалалар», «Еңбектер», «Кітаптар» электронды библиографиялық мәліметтер базасында орналастырылған.

Кітапхананың ғылыми оқу залындағы (229 каб.) А.Ш. Жылқыбаеваның еңбектер көрмесін тамашалауға шақырамыз. Көрмеде монографиялар, конференция материалдары, журналдар мен жинақтардағы ғылыми мақалалар ұсынылған.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы А.Ш. Жылқыбаеваның таңдамалы шығармаларының виртуалды көрмесін ұсынады.

Ғылыми кітапхана Жылқыбаева Амантай Шаймарданқызын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo