Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасында Л.Бетховеннің 250 жылдық мерейтойына арналған виртуалды көрме ашылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы Л. Бетховеннің 250 жылдық мерейтойына орай өз оқырмандарын «Жүрегіммен тыңдаймын» виртуалды көрмесіне шақырады.

Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсан айында Германияның шағын қаласы – Боннда дүниеге келген.

Ширек мыңжылдық өткеніне қарамастан оның шығармаларын әлемдегі ең үздік музыканттар мен оркестрлер ойнап, тыңдармандар бойын еріксіз билеуде. Бетховен есімі мәңгілікке алтын әріппен кестеленген.

Людвиг ван Бетховен – Вена классикалық мектебінің биік шыңы саналатын ұлы туындыларды дүниеге әкелген немістің ұлы композиторы, дирижері және пианисі. Оның күллі әлемдік музыкаға қосқан үлесі орасан зор.             

Ұлы композитор мен музыканттың туындылары асқан шеберлік деңгейімен және өзінің жантебірентер шынайылығымен ерекшеленеді.         

О. Бедарева, ғылыми кітапхана

Презентация

Қазақ
× You found a Typo