Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Химия кафедрасының студенттері 27 қараша күні Өскемендегі №34 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
«Химия-Биология» мамандығының 3 курс студенттері Татьяна Дик және Наргиз Құдайбергенова оқушыларға кәсіптік бағдарлануын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, химия пәні бойынша білімдерін қолдануға болатын сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырды.
Ол үшін студенттер оқушыларға химия бойынша білім қажет мамандықтар туралы айтуды сұрап, алдын ала тапсырма берді.
Оқушылар экоаналитик, тамақ өндірісінің технологы және т.б. сияқты сұранысқа ие мамандықтарды атады.
Татьяна мен Наргиз оқушыларды университет сайтымен таныстырды, сайтта талапкерге пайдалы ақпаратты қайдан алуға болатынын көрсетті және Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде оқыту жүргізілетін химия пәніне байланысты білім беру бағдарламаларына қысқаша шолу жасады.
Баспасөз қызметі