С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің «Тарих» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Мен Елбасымды мақтан тұтамын!» кураторлық сағаты өтті.
Топ кураторы, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы А.О. Омарқанова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері және Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың елдің дамуына қосқан баға жетпес үлесі туралы айтып берді.
Кураторлық сағаттың мақсаты – патриотизмді тәрбиелеу және Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін насихаттау.
2 курс студенттері Жанар Дәуренова, Аида Сейітханова, Жанар Жұмағалиева Ұлт Көшбасшысының өмірбаяны, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі жетістіктері туралы айтып, Н.Ә.Назарбаевтың негізгі еңбектеріне талдау жасады, «Тұңғыш Президент өмірінен 10 дерек» викторинасын өткізді.
Қазақстан тарихы кафедрасы