Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың кәсіптік бағдар беру жұмысы бірнеше бағытта жүруде

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылы облыс бойынша 9 сыныпты бітіретін оқушылардың саны 16 542 адамды, 11 сыныпты бітіруші оқушылар саны 8 861 адамды құрайды деп күтілуде.

2020 жылғы түлектермен салыстырғанда орта мектеп түлектерінің үлесі 8%-ға артады.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: мектеп түлектерін жоғары оқу орнына дейінгі даярлау, «Жас Талап» каникулдық дайындық курстары, шетелдік қазақ диаспорасы өкілдеріне, оралмандарға және шетелдік азаматтарға арналған дайындық бөлімі, «Серпін» штабының жұмысы, университет түлектерін жұмысқа орналастыру.

Қазіргі уақытта кәсіптік бағдарлау жұмысы жалғасуда. ЖОО және Колледж өкілдері «Руғани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚО білім басқармасы ұйымдастырған «Старт Профи Шығыс» стэнд-мобына қатысады, кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту бойынша бірінші кезектегі шараларға университеттің, факультеттер мен кафедралардың Ашық есік күндерін ұйымдастыру жатады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo