ЖҒжТФ Математика кафедрасының кәсіби бағдар берушілері Өскемен қаласындағы №27 орта мектептің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.
ЖҒжТ факультеті Математика кафедрасының кәсіптік бағдар берушілері Э.М. Мағзұмова, Ж.Р. Жақсылықова және кафедра меңгерушісі Е.К. Ерғалиев кәсіптік бағдар беру аясында Өскемен қаласының №27 орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұйымдастырушылар университеттің білім беру бағдарламалары туралы құнды ақпаратпен бөлісіп, оларды университетіміздің студенті болуға шақырды.
Сонымен қатар, университетте оқытылатын мамандықтар бойынша оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Оқушылармен кездесу ұйымдастыруға атсалысқан мектеп әкімшілігіне алғыс білдіреміз.
Математика кафедрасы