С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің музыкатанушы маманы Болат Нұралин Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіне музыка жазды.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің музыкатанушы маманы Болат Кинаятұлының қоржынында Шығыстың тумасы, ақын Бақытжан Раисованың «Дана Абай» өлеңіне жазған әні де бар. Бұл шығармалар бүгінде облыстың әр түкпірінде ұйымдастырылып жүрген іс-шараларда кеңінен айтылуда.
Болат Кинаятұлына шығармашылық табыс тілейміз!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі