С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің №1 оқу корпусында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып отыр.
Биыл карантиннің енгізілумен байланысты шектеулерге қарамастан С. Аманжолов атындағы ШҚУ орынжайлары мен ғимараттарының жай-күйін, сондай-ақ студенттерінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Айталық, №1 оқу корпусында 27 дәрісхана мен кабинет, дәліздер, 1-ден 4-қабатқа дейінгі баспалдақтар, қосалқы шығу жолдары, кіреберістер жөнделіп, шатырға ішінара жөндеу жүргізілді.
№1 ғимараттың суреті: жөндеуге дейін - 2 017 жыл, жөндеуден кейін - 2020 жыл.
Баспасөз қызметі