Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың оқу жоспарларына жаңа пәндер енгізіліп отыр

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарларына жаңа нормативтік-құқықтық актілерге және ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес жаңа пәндер тізбесі енгізілді.

«Қашықтықтан оқытуды іске асырудың әдістемелік негіздері» модулі шеңберінде бакалавриатты оқыту үшін келесі пәндер қарастырылған: «Цифрлық білім беру ортасы: қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтің жаңа құзыреттілігі» (балама – «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы бағалау қызметі»), «Педагогтің цифрлық сауаттылығы» (балама – «Педагогтің электрондық портфолиосы»), сондай-ақ шығарушы кафедраның таңдауы бойынша пән.

Магистратура үшін «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар» модулі бойынша келесі пәндер енгізілді: «Ғылыми-педагогикалық қызметтегі бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік модельдеу» (балама – «Білім берудің электрондық және интернет-ресурстарын әзірлеу және пайдалану») және «Квалиметриядағы ақпараттық-өлшеу технологиялары» (балама – «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім беру сапасының мониторингі»).

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo