Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасының ғалымдары ШҚО-да картоп пен күнбағыс өсірудің келешегін талқылады

Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы зертханасында «Шығыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығында картоп пен күнбағыс өсірудің мәселелері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-практикалық онлайн семинар өткізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығында картоп пен күнбағыс өсірудің мәселелері мен келешегі» семинары онлайн форматта өтті.

Ғылыми-практикалық онлайн семинар барысында «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына вирусқа қарсы төзімділік беруге бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу», «Қазақстанда картоп өсірудің ағымдағы жай-күйі», «КСИ және ЭСИ питомниктерінің алынған түсімінің нәтижелері», «Топырақ-климаттық жағдайлар мен агротехникалық әдістерге қатысты картоп өсірудің салыстырмалы сипаттамасы», «Картоп өсіру кезіндегі проблемалар мен шешу жолдары», «Қазақстандағы күнбағыстың алаңы мен өнімділігіне шолу», «ШҚО-дағы күнбағыстың гендік қоры», «Қазақстандағы күнбағыс», «Күнбағыстың селекциялық материалын жалған ұнтақты көгеруге қарсы иммунитетке бағалау», «2020 ж. жағдайында ШҚО селекциялық питомнигіндегі күнбағыстың фитопатологиялық бағасы», «ШҚО-да күнбағыстың бастапқы және өнеркәсіптік тұқым шаруашылығының перспективалары».

Семинар жұмысына Ph.D докторы, ҰҚҰҒЗ меңгерушісі М.Ю. Сутула, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «ОХМК» ЖШС ғылым бөлімінің меңгеруші Ю.С. Каменев, «ВКСХОС» ЖШС сынақ орталығының жетекшісі Т.М. Калихин және осы кәсіпорындардың басқа да жетекші мамандары қатысты.

Семинарда «ВКСХОС» ЖШС-мен одан әрі жұмыс істеу, күнбағыс тұқым шаруашылығында «ОХМК» ЖШС-мен ынтымақтастық үшін шешімдер қабылданды, сондай-ақ «ОХМК» ЖШС тарапынан зерттеу үшін тұқымдық материал беру туралы ұсыныс түсті.

Семинардың барлық қатысушыларына электронды түрде семинар материалдары –  брошюралар, әдістемелік ұсынымдар және қатысушылардың сертификаттары жіберілді.

Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасы

Қазақ
× You found a Typo