С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасына түсушілер үшін кәсіби-психологиялық тестілеуге екінші күні 60 адам қатысты.
Тестілеу online және offline режимдерінде жүргізілді. Online режимінде 20 адам, offline режимінде 40 адам тест тапсырды.
Тестілеуге Өскемен, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалаларынан, Көкпекті, Аягөз, Жарма және басқа аудандардан әскери кафедраға түсуге ниет білдіргендер қатысты.
Тестілеу 15 қазанға дейін жалғасады.
Келесі кезең – іріктеу комиссиясының жұмысы GPA нәтижелері бойынша жасалған рейтингтік балл, медициналық комиссиялардың қорытындылары және студенттердің «дене шынықтыру» пәні бойынша 1 курс ішіндегі бағалары негізінде оқуға түсушілердің қатысуынсыз өтетін болады.
Конкурстық іріктеу 21 қазанға дейін өтеді.
Тестілеу №1 оқу корпусындағы Ғылыми кітапхананың электрондық оқу залында (3 қабат) сағат 9-дан бастап өткізіледі.
Баспасөз қызметі