Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың студент жастары сайлау құқығы бойынша пікірталасқа қатысты

Шығыс Қазақстанда «Жастар және сайлау: жауапкершілік формуласы!» сайлау құқығы бойынша облыстық дебат турнирі болып өтті, оған сегіз команда қатысты.

Өңірдің белсенді жастарының өкілдері сайлау процесіне деген өз көзқарастарымен бөлісе алды.

Жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары өздерінің азаматтық ұстанымдарын сайлау құқығы мен процесі мәселелері бойынша пікірталас форматында белгіледі. Іс-шараны «Қазақстан халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» ҚҚ, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырды.

«Жастар және сайлау: жауапкершілік формуласы!» іс-шарасына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен, Қазақстан-Американдық еркін университетінен, Шәкәрім университетінен және Семей мен Өскемен қалаларындағы колледждер атынан сегіз команда қатысты.

Іс-шара болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, оларда сайлау құқықтарын саналы түрде іске асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Карантинге байланысты пікірталас Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев өзінің құттықтау сөзінде студенттердің дебаттарға белсенді қатысуы біздің жас ұрпақтың сайлау үдерістеріне саналы көзқарасының және сайлау заңнамасына қызығушылықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті. Облыстық сайлау комитетінің төрағасы Ерсайын Нәбиев жастарға 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезекті сайлауын еске салды.

Студенттер Қазақстандағы сайлау құқығының өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ сайлау процесін жақсарту бойынша өз шараларын ұсынды. Студенттер жастарды сайлауға қалай тартуға болатынын, бюллетеньде «барлығына қарсы» баған қажет пе, сайлауға келу шегін қайтару керек пе, дауыс беруге қатысу үшін жас шектеуін төмендету керек пе, жоқ па, соны талқылады.

Заң ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Қуат Рахымбердин «Мұндай іс-шаралар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді. Олар сайлау процесінің мәселелеріне әр түрлі жағынан қарап, жаңа білім алып, шешендік шеберлікпен айналыса алады» деді.

Пікірталасты құрамына сайлау комиссиясының мүшелері, депутаттар және заңгер ғалымдар кірген қазылар алқасы бағалады.

Пікірсайыстың жеңімпазы болып «BRUH» командасы (Әділжан Омарқан, Никита Медведев) атанды. «Дорога дуракам» командасы (Дамир Мансұров, Дарья Шилоносова) екінші орынды, «Парадокс» командасы (Адэля Мұхамедьярова, Дмитрий Азимжанов) үшінші орынды алды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етті.

Мұндай іс-шаралар Шығыс Қазақстанда тұрақты негізде ұйымдастырылады, оларға аймақтың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен магистранттары әрдайым қызығушылықпен қатысуда.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo