Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Студенттер үйлеріне орналасуға оnline-тіркеу 15 қыркүйекке дейін жалғасады

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «2020-2021 оқу жылына арналған университет пен Жоғары колледждің бірінші курс студенттерін, жоғары курс студенттерін Студенттер үйлеріне орналастыру тәртібі» бекітілді, олар осы жылы online-форматта тіркеледі.

Ережеге сәйкес 1 курс студенттерін орналастыруға өтінімдер 25 тамыздан 15 қыркүйекке дейін университеттің www.vkgu.kz ресми сайтында online-форматта қабылданады.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің, Психология, Педагогика және мәдениет факультетінің («Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология», «Өзін-өзі тану», «Психология» ББ) студенттері №3 Студенттер үйіне, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері №4 Студенттер үйіне, Экономика және құқық факультетінің және Жоғары колледждің студенттері №5 Студенттер үйіне тіркеледі.

№1 Студенттер үйіне Психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері («Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім» ББ) және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы бойынша оқитын студенттер (ШҚО әкімінің гранттары) тіркеледі.

Жоғары курс студенттерін online-тіркеуге келетін болсақ, 2-4 курс студенттері 2019-2020 оқу жылында тұрған орындарына сәйкес өтінімдер бойынша тіркеуді салыстырып тексеруі қажет, Студенттер үйлеріндегі бұрынғы тұратын орындары сақталады.

Студенттер үйлеріне студенттерді орналастыру шектеу және карантин шаралары алынып тасталғаннан кейін басталады. Ресми сайттағы ақпаратты қадағалаңыз – www.vkgu.kz.

2020-2021 оқу жылында студенттер үйінде тұрғаны үшін төлем студенттерге төсек-орын үшін – 5000 теңге, магистранттарға – айына 11400 теңге.

Бос төсек-орын болған жағдайда әр түрлі факультеттерде оқитын бір отбасынан шыққан студенттер туыстық қарым-қатынасты растайтын құжаттары болған жағдайда бір Студенттер үйіне, бір бөлмеге орналасады («ҚР тұрғын үй кодексіне» сәйкес 14 жасқа толған түрлі жынысты балалардың тұруы бөлек болуы тиіс).

Ата-аналар мен туыстардың Студенттер үйлерінде тұруға құқығы жоқ.

Қосымша ақпарат алу үшін тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөліміне +7 (7232) 540 708 немесе колл-орталыққа хабарласуға болады.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo