Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың TOEFL орталығының үйлестірушілері TOEFL емтиханының әкімшілері мәртебесін растады

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың TOEFL орталығының үйлестірушілері Елена Евгеньевна Чжан мен Еркежан Абикак TOEFL халықаралық емтиханын ұйымдастыру және құрылымы бойынша екікүндік тренингтерден өтті.

Тренингтердің соңында үйлестірушілер емтихан тапсырып, TOEFL емтиханының әкімшілері мәртебесін растады, жоғары нәтижелер көрсетті.

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ETS Global компаниясының акрредиттелген серіктесі атанды.

ETS Global Educational Testing Service (ETS) коммерциялық емес ұйымының еншілес компаниясы болып табылады және бүкіл әлемде білім беру және іскерлік орталарға ETS тәжірибесін таратады.

TOEFL® ITP тесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 қаулысына сәйкес Қазақстанда магистратураға, докторантураға және басқа да жоғары білім беру бағдарламаларына түсу үшін ресми түрде бекітілді.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ аккредиттелген емтихан орталықтарының желісіне қосылды және білім беру қызметтері нарығында сұранысқа ие болу үшін бағдарламаның тиімділігін көрсете отырып, халықаралық нарықта өзінің беделін нығайта алмақ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo