Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың үш оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2020» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің үш оқытушысы А.С. Тілебалдинова, Н.Ж.Жеңсікбаева және С.Адиканова «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет ақпараттық жүйенің көмегімен онлайн форматта өткізілді. Байқауға қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде грант жеңіп алды.

Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов онлайн форматта Қазақстанның 150 үздік оқытушысын марапаттады, олардың ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары да бар.

«ЖОО-ның 2020 жылғы үздік оқытушысы» атағына PhD докторы, Экология және география кафедрасының доценті Назгүл Жәнібекқызы Жеңсікбаева, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті Айжан Солтанғалиқызы Тілебалдинова және PhD докторы, Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Адиканова ие болды. 

– Оқытушылардың лайықты марапаты – олардың жоғары кәсіпқойлығын, жаңашылдығы мен инновациялық әлеуетін, педагогикалық және ғылыми қызметінің нәтижелілігін растау деп санаймын. Шығармашылық табыс пен жаңа биіктерді бағындыруға тілектеспіз! – деп құттықтады жеңімпаздарды С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген.

Жеңімпаздар әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алды.

Министрдің айтуынша, ол алаңды пайдаланып, еліміздің үздік оқытушыларының алдында сөз сөйлеп, елдегі білім беруді дамытудың алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

А.Қ.Аймағамбетов атап өткендей, Қазақстанда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жүзеге асырылады, оған еліміздің 15 жоғары оқу орны, оның ішінде 5 педагогикалық жоғары оқу орны кіреді, оларға қосымша қаражат құйылатын болады.  Бағдарлама шеңберінде жаңа білім беру бағдарламалары құрылатын болады. Бұл жұмыстардың барлығы, ең алдымен, білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

-Пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтіп, жоо-лардың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Осы ретте сын-қатерлерді мүмкіндік ретінде қабылдауға тиіспіз. Қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздықтарға қарамастан, қазақстандық оқытушылар бұл жағдайға тез бейімделді. Бүгінгі таңда біздің алдымызда оқытушының беделін арттыру, еңбек жүктемесін азайту, еңбекақыны көбейту, оқытушыларды өзіне тән емес функцияларға тартуға жол бермеу бойынша және еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басқа да бірқатар маңызды міндет тұр. Мен байқау жеңімпаздарын бұл марапатпен шын жүректен құттықтаймын және әрқайсысына мықты денсаулық, толағай табыс пен отбасы амандығын тілеймін, – деді А.К. Аймағамбетов.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo