ЯМР-спектроскопия зертханасында ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысып жүрген студенттердің жұмыстары тыңдалды.
Аталмыш зертханада инициативтік негізде жүргізіліп жатқан және болашақта гранттық қаржыландыруға беруге жоспарланған тың тақырыптар бойынша Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Химия кафедрасының химия мамандығының 4 курс студенті Арайлым Төлеуханова және 2 курс студенті Нариман Қайырбековтің «Ауылшаруашылық қалдықтарынан наноцеллюлоза алу мүмкіншілігін зерттеу (күнбағыс тұқымы қауызы мысалында)» және «Нанокрахмал алу және оны модификациялау» тақырыбы бойынша (ғылыми жетекшілері: т.ғ.к. Қабдрахманова С.К., ағк Акатан Қ.) ғылыми зерттеу есептері қаралды.
Студенттердің жұмыстарына оң баға беріліп, коммерциаяландыру әлеуетін анықтау тапсырмасы берілді.
Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертхана