21-22 қараша күндері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да киберспорттан сайыс өтеді.
Сайысты университеттің YouTube-тағы «ВКГУ ПРЕССА» каналынан тікелей эфир арқылы көруге шақырамыз. Сағат – 18.00.
Барлығы 100 студенттен құрылған 25 команда өз бағын сынайтын болады. Жеңімпаздар ақшалай және ойын ішіндегі Royal Pass арнайы сыйлықтарымен марапатталатын болады.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі