Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың заңгер-ғалымы Қ. Рахымбердин облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы Қ.Қ. Рахымбердин «Ақ жол» партиясынан Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Облыстық мәслихатта Қуат Қажымұқанұлы Рахымбердин әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияда жұмыс істейтін болады.

Тұрақты комиссияның қызмет түрлерінің ішінде облыстық мәслихат сессиясына шығарылатын мәселелер бойынша әлеуметтік саладағы істердің жағдайын талдау және зерделеу, тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу бар.

Комиссия қарайтын мәселелердің қатарына жергілікті деңгейде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі тәрбие, халықты жұмыспен қамту, мәдениет, спорт және жастар саясаты және т.б. салалардағы саясатты қалыптастыруға қатысу енеді.

Бұдан басқа, тұрақты комиссия әлеуметтік сала мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеумен, депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және т.б. қатысуымен комиссияның кеңейтілген отырыстары формасында неғұрлым маңызды мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізумен айналысатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қ.Қ. Рахымбердин Өскемен қалалық мәслихатының V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланған (2012-2021 жылдар).

Қуат Қажымұқанұлы Рахымбердинді құттықтаймыз және облыстық мәслихаттағы депутаттық қызметіне табыс тілейміз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo