Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың жас ғалымдары ғылыми жобаларға 40-тан астам өтінім берді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылым мен инновацияны дамыту жөніндегі қызметінің нәтижелері мен жетістіктері туралы университет ректоры М.Ә. Төлеген айтып берді.

Құрметті достар!

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылым мен инновацияны дамыту бойынша қызметінің нақты нәтижелерімен және жетістіктерімен бөліскім келеді.

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері бойынша алғаш рет үш ірі жоба жеңіп алынды.

Бірінші жоба «Өнеркәсіптік жабдықтың жауапты тораптарының пайдалану қасиеттерін арттыру үшін композициялық жабындарды жасау» деп аталады. Жоба сомасы – 75 млн. теңге. Басым бағыт – «Энергетика және машина жасау».

Екінші жоба – «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына вирусқа қарсы резистенттілік беруге бағытталған инновациялық технологияны әзірлеу және енгізу». Жоба сомасы – 61 млн. теңге. Жетекшісі – М.Ю. Сутула. Басым бағыт – «Өмір және денсаулық туралы ғылым».

Үшінші жоба – «Көпфазалы сүзудің сызықты емес есептерін шешудің параллельді түпкі-элементтік әдістерін әзірлеу және зерттеу». Жоба сомасы – 36 млн. теңге. Жетекшісі – Д.Р. Байгереев.

Университетте тағы бес тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде: БМҚ ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 266 млн. теңге және 110 млн теңге сомасына төрт ғылыми жоба.

2019 жылы ЖОО ғалымдары «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бойынша 106 млн. теңге көлемінде грант ұтып алды.

Мұндай жоғары нәтижелерге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамалары мен қолдауының, мемлекет деңгейінде инновацияларды ілгерілету және ынталандыру тетіктерін енгізудің арқасында қол жеткізілді.

ЖОО үшін ғылымды дамыту қызметтің басым бағыттарының бірі, оқу, зерттеу және инновациялық қызметті бизнес-процестерге айналдыру болып табылады. Университетте инновациялық инфрақұрылымды, сервистік қызметтерді дамытуға, зертханалық және өндірістік учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыруға көп көңіл бөлінеді. Мұның бәрі ғалымдардың инновациялық белсенділігін арттыруға, жоғары технологиялық өнімдер өндірісінде оң динамикаға қол жеткізуге ықпал етеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың мемлекеттік маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып, іргелі және қолданбалы ғылымды, жас ғалымдардың стартаптарын одан әрі дамытатын боламыз.

Бүгінгі таңда университеттің жас ғалымдары ғылыми жобаларға 40-тан астам өтінім беріп отыр.

Бастамаларыңыз сәтті болсын, достар! Сіздердің ақыл-ойларыңыз, білімдеріңіз бен инновацияларыңыз егеменді еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосады!

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo