С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Цифрлық педагогика» жобаларының бірі – «Жайлау» электронды-есептегіш машинасы «Логопедиялық тренажер» компьютерлік бағдарламасы.
Бағдарламаны университеттің жас ғалымдары – «Дефектология» және «Информатика» білім беру бағдарламаларының магистранттары әзірледі.
«Логопедиялық тренажер» – бұл мультипликация элементтері және әр балаға түсінікті сюжеттер мен қарапайым ережелерден тұратын әдемі суреттері бар оқыту ойыны. Тренажердің міндеті – балалардың сөйлеу тілін дұрыс, айқын, әдемі және мәнерлі ету.
«Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының басшысы Светлана Стельмахтың айтуынша, бағдарлама авторлық құқық куәлігін алып, логопедтік пәндер бойынша оқу процесінде, сондай-ақ Өскемендегі логопедтердің балалармен жұмысына арналған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де табысты пайдаланылуда.
Баспасөз қызметі