- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай ZOOM платформасында студенттерге «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді.
Көркем туынды 2011 жылы Рүстем Әбдірашевтің режиссерлігімен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.
Аталмыш іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі екенін көрсету, мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге танытқан тұлғаның кісілік келбетін таныту болды.
Қатысқандарға ең алдымен Н.Ә. Назарбаев жайлы қысқаша мәлімет беріліп, студенттермен пікір алмасу өтті.
Жоғары колледж