Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-дың Жоғары колледжінде «Заң бәрімізге ортақ» сайысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде 2 курc П2Б(9) топ студенттері арасында «Құқықтану» мамандығы бойынша Конституцияның 25 жылдығына арналған «Заң бәрімізге ортақ» атты сайыс ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

Сайысты заң пәндерінің оқытушы Ш.Ж. Жасұзақова ұйымдастырып, сайыстың білім алушылардың түрлі пәндер бойынша алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне қол жеткізу, білімдерін тереңдету және қоғамдық заңдылықтардың нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өтіп жатқанын атады.

Сайысқа студенттер белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Қазылардың  қорытындысымен «Үздік құқықтанушы» болып Даниел Ержанов атанды, 1 орынды Жансая Мүтәлапова, 2 орынды Көркем Қайратқызы, 3 орынды Ерік Мұқашев иеленді. Ал, Ділназ Тұрсынханова, Саят Еркінов белсенділіктері үшін  алғыс хаттармен марапатталды.  

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo