Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ еріктілері ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «ABAI» логотипі мен жазуы бар білезіктерді тегін таратты.
– Абай Құнанбаев – халқымыздың ұлы ақыны, философ-гуманист, көркем сөздің қас шебері. Біз ақынның рухани мұрасын тек оның мерейтойлық жылында ғана емес, әрдайым еске алып, бағалауға тиіспіз, сонымен қатар оның еңбектері біз үшін өзін-өзі танудың тұрақты бағдарына айналуы керек, – деп атап өтті Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Марлен Әбубәкір.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша бөлім