Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Еуроодақтың халықаралық жобасының мүшесі болды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Еуропалық одақтың білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар бойынша атқарушы агенттігінің Jean Monnet Erasmus+ бағдарламасының гранттық қаржыландыруы бойынша «Digital Humanities in the Republic of Kazakhstan: Local Solutions for Global Problems (2020-2023)»  ғылыми-білім беру халықаралық жобасының қатысушысы болды.

Жобаның үйлестірушісі және негізгі бенефициары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті www.kaznu.kz болып табылады. Жобаға отандық ғалымдар мен оқытушылардан басқа Франция мен Эстонияның профессорлары да белсене қатысады.

Аталған жоба аясында цифрлық кеңістіктегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мәселелер бойынша дәрістер оқу жоспарланған.
Жоба Digital Humanities өзекті мәселелерін, цифрлық гуманитарлық ғылымдардың философиялық және мәдени аспектілерін, жаңа дәуір кезеңінде гуманитарлық пәндерді дамытудың жаңа көзқарасын ашуға арналған.
Цифрлық технологиялардың әлеуметі орасан зор, перспективалық ғылыми бағыттармен қатар, қоғамның әлеуметтік-мәдени өміріне кері әсерін тигізеді.
Жаңа білімді зерттеу гуманитарлық ғылымдардағы сандық әдістердің перспективалық бағыттарын кеңейтеді.

        Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі

Қазақ
× You found a Typo