Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ физика кафедрасының оқытушылары ҚР ҰЯО (Курчатов қ.) базасындағы онлайн курстарға қатысты

2015 жылдан бастап ҚР Ұлттық ядролық орталығының базасында (Курчатов қ.) жыл сайын атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы персоналды даярлау үшін Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігімен (1АЕА) бірлесіп «Реакторлық технологиялар» бағыты бойынша оқу курсы өткізіледі.

Короновирустық инфекциядан қорғану бойынша талап етілетін шараларды сақтау мақсатында биыл оқу курсы 16-18 қараша аралығында онлайн режимінде өткізілді.

Физика кафедрасының оқытушылары курстарға қатысып, реакторлық технологиялардың өзекті мәселелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Сабақтың тиімділігі үлкен.

Кәсіби лекторлардан алынған білімді физика кафедрасының оқытушылары ядролық физика мамандығы студенттерінің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру кезінде қолданатын болады.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo