Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Физика кафедрасының оқытушылары оқушылар үшін Космонавтика күніне арналған іс-шаралар бойынша облыстық семинар ұйымдастырды

Физика кафедрасының оқытушылары Google-meet платформасында адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығына арналған «Пәнаралық байланысты қолдана отырып, Космонавтика күніне арналған сыныптан тыс іс-шаралар жинағы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізді.

Физика-информатика мамандығында оқитын студенттерімен Физика кафедрасының аға оқытушысы К.Т. Иманжанова 12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған әдістемелік шара өткізді. Студенттер ғарышкерлер туралы мәліметтерімен бөлісіп, қазіргі ғарыш әлеміндегі өзгерістермен бөлісіп, пікір алмасты.

Студенттер Таңсәуле Еркін «Байқоңыр – ғарыш айлағы басталған жер», Айдана Құнапьянова «Ғарыш – шексіз әлем», Салтанат Муффлин «Белка және стрелка», Жұлдыз Серікбекова «Ю. Гагарин – тұңғыш ғарышкер», Айтолқын Райымханова «Ғарыш эвалюциясы: В. Терешкова», Арман Табыс «Нил Армстронг», Ілияс Өтеулі «Олдрин Базз», Аяужан Кажиекберова «Қазақтың үш қыраны: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А. Айымбетов», Ағжан Адалбек, Арайлым Сансызбай «Ғарыш кемесінің құрылысы мен құрылымы», Салтанат Тоқтарова «Сұрақ-жауап», Маржан Мешелева «NASA», Жанбота Қасымқанова «Қазіргі ғарыштағы жаңа мәлімет» (сергіту сәті) тақырыптарында баяндама жасады.

Әдістемелік әзірлемелердің сілтемелері:

  1. http://www.astronet.ru/db/msg/1173351
  2. http://barsic.spbu.ru/www/lab_dhtml/
  3. http://astro.uni-altai.ru/
  4. https://ido.tsu.ru/schools/physmat/data/res/astronomy/uchpos/
  5. https://prosv.ru/static/vneuroh
  6. http://spheres.prosv.ru/physics/method/

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo