Ғылыми кітапхана «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан кітаптардың кезекті блогын ұсынады.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы өз оқырмандарын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан, университетімізге бүгінге дейін келіп түскен кітаптармен таныстыруды жалғастыруда және философия, антропология, әлеуметтік пәндер бойынша оқулықтар топтамасын ұсынады.
Бұл бөлім осы саладағы әлемдік деңгейдегі университеттердің үздік тәжірибесімен және жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретін шетелдік авторлардың 11 кітабынан тұрады.
С. Дарыбаева, ғылыми кітапхана