Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-ға республикалық «Білімді Ел-Образованная страна» газетінің бас редакторы келді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға республикалық «Білімді Ел» газетінің бас редакторы Л.М. Түркістанова келіп, университетпен танысты.

№1 оқу корпусында мейманға "Таза қол" мүсіні, "Ореп University" ("Open space") кеңсесі, Ғылыми кітапхана базасындағы "Парасат жолы" республикалық жобасы таныстырылды.

Ләззат Мақсұтқызы Түркістанова "Абайтану" ғылыми-зерттеу институтына, Цифрлық педагогика кабинетіне, Ғылыми кітапхананың сирек кітаптар қорына, ғылыми-әдістемелік мұражай-аудиториясына, "Алтайдың археологиясы және мәдени мұрасы", В.С. Бажанов атындағы Табиғат мұражайына, ШҚУ-дың алғашқы ректоры, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Е.Ә. Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия оқу аудиториясына, электронды оқу залына барды. 

Республикалық "Білімді Ел" газетінің редакторы көптеген сұрақтар қойды, әсіресе, қонақты "Абайтану" ҒЗИ-ның, Польшадағы "Абай" жастар мәдени-білім беру орталығының құрылу тарихы, сирек кітаптар қоры, соның ішінде Ф. Головановтың хатшылық коллекциясы, Алтайдың археология және мәдени мұрасы мұражайы, Табиғат мұражайы қызықтырды. Сондай-ақ, Л.М. Түркістанова "PARASAT" студенттерге қызмет көрсету орталығының, А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталығының, №3, 4, 5 Студенттер үйлерінің (жатақханалардың) жұмысымен танысты.

– Қазақстанның ең серпінді өңірлік жоғары оқу орындарының бірі – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде! Тамаша ұжым, бірегей жобалар, кітапхана, "Абайтану" орталығы, көптеген әлеуметтік бағдарламалар, инфрақұрылымды дамыту... Жарты күн университетте өтті, көптеген кездесулер, қарым-қатынастар, профессорлық-оқытушылар құрам мен қызметкерлер өз ректорын жақсы көреді, – деп жазды Фейсбукте Л.М. Түркістанова. – "Білімді ел" редакциясының арсеналына жарияланымдар үшін көптеген материалдар жинақталды! Шығыс Қазақстан мен ірі жоғары оқу орны маған ұнады! Жоғары оқу орнының дәліздерімен жүрудің өзі ерекше әсер қалдырады: дәл осындай академиялық рухты, осындай атмосфераны тек Мәскеу мемлекеттік университетінде ғана сезінгем... ЖОО-ға заманауи трендтер енгізілуде, сонымен қатар мұнда дәстүрлер де сақталған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo