Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары АлтМУ география институтының (Ресей) сараптамалық-талдау сессиясына онлайн қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары "Үлкен Алтайдың "Түркі әлемі": тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен сан алуандық" жобасы шеңберінде сараптамалық-талдау сессиясына қатысты.  

Сессияны ұйымдастырушы – АлтМУ география институты (Барнаул қ., Ресей), қатысушылар – Ресей, Қырғызстан, Қазақстан университеттерінің ғалымдары.

Сессия барысында "Үлкен Алтай "Түркі әлемі": тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен әралуандық" (О.А. Латышева),"Үлкен Алтай өңірлерінің тұрақты дамуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін кеңістіктік талдау және модельдеу" (География институтының директоры А.Н. Дунец) жобалары, жобаның 2021 жылға арналған күнтізбелік жоспары ұсынылды.  

С. Аманжолов атындағы ШҚУ тарапынан жоспарды талқылауға Экология және география кафедрасының профессоры, г.ғ.д., РЖА корреспондент-мүшесі А.В. Егорина, кафедраның аға оқытушысы Г.М. Салықбаева, кіші ғылыми қызметкер және 3 оқу жылының аспиранты А.В. Павленко, ҒЗЖҰ бөлімі басшысының м.а., 2 оқу жылының аспиранты Ш.Х. Найзабаева қатысты.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo