С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары ғылыми жоба негізінде жазылған «Аймақ жағдайында бөгенсіз шағын су электр станциясының тәжірибелік коммерциялық үлгісін жасау және әзірлеу» монографиясын жариялауға дайындады.
Монография авторлары – А.М. Жилқашинова, А.М. Павлов, И. Очередько.
Монография Шығыс Қазақстан облысы жағдайында шағын су электр станциясының коммерциялық үлгісін әзірлеуге арналған, онда шағын ГЭС-тің құрылымдық ерекшеліктері сипатталған және шағын су электр станцияларының жұмысы мен тиімділігін есептеу және модельдеу келтірілген.
Монографияда ұсынылған деректер «Аймақ жағдайында бөгенсіз шағын су электр станциясының тәжірибелік коммерциялық үлгісін әзірлеу және жасау» ғылыми жобасын орындау нәтижесінде алынды (2018-2020 ж.ж.)
Рецензенттер Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ физика кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д. М.Қ. Сқақов және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінің доценті, PhD, қауымдастырылған профессор А.В. Русаков болды.
Баспасөз қызметі