Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары демографиялық қауіпсіздікті бағалаудың индикативтік жүйесінің пилоттық моделін ұсынды

ҚР БҒМ «ҚР-ның демографиялық қауіпсіздік деңгейін бағалау» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы зерттеу жұмысының бірінші кезеңінің нәтижесі ретінде «Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай: әлеует, тәуекелдер және қатерлер» тақырыбында ғылыми-әдістемелік вебинар өткізді.

Вебинарда екі негізгі баяндама оқылды – «Алтайтану» ҒЗО директоры Жанна Сәкенқызы Әубәкірованың «Демографиялық қауіпсіздік деңгейін бағалау» және «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Элеонора Олеговна Столярованың «Демографиялық зерттеудегі әлеуметтік құралдар».

Жоба жетекшісі Ж.С. Әубәкірова ғылыми-зерттеу жұмысының бірінші кезеңінің нәтижесі – демграфиялық қауіпсіздік деңгейін бағалаудың индикативтік жүйесінің макетін ұсынды. Макет демографиялық қауіпсіздік деңгейінің өзгеру деңгейінің, жылдамдығының және бағытының көрсеткіштерін, демографиялық қауіпсіздіктің (демографиялық ысыраптардың) өзгеру салдарларының көрсеткіштерін қамтиды және демографиялық қауіпсіздікті бағалаудың индикативтік жүйесінің пилоттық моделі болып табылады. Макеттің мақсаты – жоба мәселесі бойынша одан әрі ғылыми ізденістің бағыттарын анықтау және түзету.

Жобаның жетекші ғылыми қызметкері Э.О. Столярова әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі салаларының әдіснамалары мен құралдарын – бұл жағдайда демография мен әлеуметтануды интеграциялау арқасында зерттеушілер алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы айтты. Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің жетістіктерін – «Қазақ жастарының құндылықтар ұстанымдары мен әлеуметтік тәжірибелері» (Шығыс Қазақстан облысы мысалында) әлеуметтік зерттеуін аяқтауды сипаттап, ШҚО қалалық қазақ жастарының әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының өзара іс-қимылының анықталған векторлары мен тетіктерін белгіледі.

Ғылыми пікірталасқа облыс университеттерінің докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты, оларды қазіргі демографиялық процестерді зерттеуде IT-құралдар мен әлеуметтанушылық әдістерді пайдалану мүмкіндігі ерекше қызықтырды.

«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақ
× You found a Typo