Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары функционалды жабындар мен материалдардың инновациялық технологияларын әзірлеу бойынша вебинар өткізді

Ұлттық ұжымдық қолданыстағы ғылыми зертхананың инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік зертханасы базасында «Функционалдық жабындар мен материалдардың инновациялық технологияларын әзірлеу» тақырыбында вебинар өтті.

Ұлттық ұжымдық қолданыстағы ғылыми зертхананың инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі Бауыржан Тұяқбаев "Инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік зертханасының даму динамикасы", аға ғылыми қызметкер, физика-математика ғылымдарының кандидаты Альмира Жилкашинова "Кремний карбиді негізіндегі заманауи композиттік керамикалық материалдар, қолдану және алу әдістері", ғылыми қызметкер Игорь Очередько "Аса жоғары молекулалық салмақты полиэтилен негізінде тоттануға қарсы қорғаныс жабынын жағудың жоғары тиімді технологиясын әзірлеу және енгізу», кіші ғылыми қызметкер Кантай Нұрғамит "Алюминий оксиді негізіндегі жабындар", кіші ғылыми қызметкер Дастан Буйткенов "Детонациялық тозаңдату әдісімен топырақ өңдеу машиналарының жұмыс органдарын нығайту" баяндамаларын жасады.

Вебинарға Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың, "Беттік инженерия және трибология" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы және ЖОО-ның ғылым бөлімі қатысты.

Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың инновациялық технологиялар ғылыми-өндірістік зертханасы

Қазақ
× You found a Typo