- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұйымдастырған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» атты халықаралық ғылыми конференция жұмысына С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасынан Жаннета Қалимолдина модератор ретінде қатысып, ал тарих ғылымдарының докторы Советқан Игібаев «Историография истории Алашского движения и правительства Алашорды: в документах и материалах самих алашевцев» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияны Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев пен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің проректоры Дихан Қамзабекұлы ашты. Конференция жұмысына Қазақстанның, Түркия және Ресей елдерінің алаштанушы, әлихантанушы ғалымдары қатысты.
Қазақстан тарихы кафедрасы