Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған республикалық философиялық семинар ұйымдастырды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Тарих толқынындағы Әл-Фараби мұрасы» атты республикалық философиялық семинарға қатысты.

Іс-шара Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби» халықаралық орталығымен және «Философиялық конгресс» ҚБ (Қазақстан) ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар барысында заманауи фарабитанудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды, сондай-ақ ұлы ойшылдың адам, қайырымды қала, руханилық, құндылықтар, қоғамның әлеуметтік құрылымы, билік және т.б. туралы ілімінің мазмұны қарастырылды.

Семинар жұмысына белгілі қазақстандық ғалымдар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби» халықаралық орталығының директоры Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Косиченко Анатолий Григорьевич, философия ғылымдарының докторы, профессор, «Философия конгресі» ҚБ атқарушы директоры (Қазақстан) Аяжан Сағықызы, философия ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің доценті Шелепов Виктор Михайлович, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Лаура Исупкановна Абдыгалиева, Қостанай өңірлік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, «Философиялық конгресс» ҚБ Қостанай бөлімшесінің төрағасы (Қазақстан) Денис Анатольевич Качеев, тарих магистрі, А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультеті деканының орынбасары Смағұлов Нұртас Бірлікұлы қатысты.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ғылыми кітапханасының қызметкері Айгүл Ноғайбаева Әл-Фарабидің кітаптары мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғылыми кітапханасында сақтаулы фарабитану мәселелеріне арналған басылымдар туралы айтып берді.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo