Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары мен студенттері халықтың электоралдық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша жобаны іске асыруға қатысты

ШҚО ішкі саясат басқармасының «Халықтың электоралдық сауаттылығы деңгейін арттыру және процеске қоғам институттарын тарту» жобасы шеңберінде электоралдық процеске қатысушылар үшін 6 семинар-тренинг өткізілді.

Шығыс Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері «Сайлау диктанты» акциясына қатысып, Қазақстанның сайлау заңнамасы саласындағы өз білімдерін тексерді.

Шығыс Қазақстан облысының жас белсенділері үшін Қазақстанның сайлау заңнамасы және электоралды үрдістің негіздері бойынша «Болашақ жастар үшін» атты екі күндік тренингті өткізу есте қаларлық оқиға болды. Жастар арасында дебаттық турнир өткізумен байланысты үлкен резонанс болды.

Жобаның барлық іс-шараларына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалым-заңгерлері, психологтары қатысқанын атап өту маңызды.

Жобаның бас сарапшысы заң ғылымдарының докторы, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті Қ.Қ. Рахымбердин болды.

Жобаны іске асыруда Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Нәбиев баға жетпес қолдау көрсетті.

«Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» ҚҚ қызметкерлері жобаны іске асыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелерді шешуге көмек көрсетті.

«Халықтың электоралдық сауаттылық деңгейін арттыру және процеске қоғам институттарын тарту» жобасына қатысушылардың студенттер өкілдерімен кездесулері жастардың өз мүдделерін қорғау, саяси тәжірибе алу, жеке тұлғалық өсу мен өзін-өзі іске асыру мүмкіндігіне ие болу, ел істерімен араласу үшін саяси өмірге қатысу қажеттігі туралы өздері айтып отырғанын көрсетті.

Жобаның көптеген қатысушылары үшін алдағы Мәжілістің, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезекті сайлауы конституциялық құқықттарын іске асырудағы алғашқы қадам болмақ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo