С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық технологиялар және электрондық оқу басылымдарын сараптау зертханасының сарапшылар базасына енгізілді.
Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Губайдуллина Гаян Нұрахметқызын және биология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Садықанова Гүлназ Есімбекқызын білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық технологиялар және электрондық оқу басылымдарын сараптау зертханасының сарапшылар базасына енгізілуімен және электрондық оқу басылымдарын сараптау бойынша оқу курсынан өткені туралы сертификат алуларымен құттықтаймыз!
Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
БББ әдістемелік қолдау бөлімі