Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары «Сайлау-2021: ерекшеліктері мен маңызы» дөңгелек үстелінде сарапшы болды

№5 оқу ғимаратының «Рухани жаңғыру» конференц-залында «Сайлау-2021: ерекшеліктері мен маңызы» сараптамалық кездесуі өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Еуразиялық интеграция институты.

Іс-шараның мақсаты – парламенттік сайлаудың ерекшеліктері мен рөлін сараптамалық талқылау, саяси партиялардың стратегияларын талдау, ел азаматтарының саяси мәдениетін арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.

Дөңгелек үстел жұмысына қазақстандық ғалым-сарапшылар, соның ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген қатысты, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы Қ.Қ. Рахымбердин баяндама жасады. Кездесуге қатысушылар арасында, сондай-ақ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, «Алтайтану» ҒЗО директоры Ж.С. Әубәкірова, «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Н.А. Алексеенко бар.

– Ел парламенттік сайлаудың жауапты кезеңіне аяқ басты. Мемлекеттілік институтын жаһандық қайта құру кезеңінде халық пікірлердің плюрализміне бұрын-соңды болмағандай жоғары сұранысқа ие. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасы бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды және саяси реформалардың бірінші пакеті әзірленді, оның шеңберінде митингілер туралы жаңа заң күшіне енді. Бұдан басқа, жеті заңнамалық актіге өзгерістер енгізілді, онда әйелдер мен жастардың сайлау партиялық тізімдеріне қатысуының 30%-дық квотасы бекітілді, саяси партияларды тіркеу шегі 50%-ға төмендетілді, алғаш рет парламенттік оппозиция институты енгізілді. Бұл ретте, Қазақстан – тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет екенін, ал алдағы сайлау – елдің эволюциялық даму жолындағы және азаматтардың саяси мәдениетінің деңгейін арттырудағы келесі қадам екенін есте ұстаған жөн. Осының салдарынан барлық саяси процестер, соның ішінде сайлау процесі қоғам мен азаматтардың бірігуі төңірегінде жұмыс істеуі тиіс, – деп атап өтті іс-шараның модераторы, саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Саиров.

Іс-шараға өңірлік қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo