Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдары «ШҚО экологиялық мәселелерін кешенді шешудің жол картасы» бойынша 9 ұсыныс жасады

«Шығыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасына» ұсыныстарды С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының ғалымдары енгізді

Ұсыныстардың ішінде атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, жерүсті және жерасты суларын қорғау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары бар.

Осылайша, атмосфераға шығарындыларды азайтуға бағытталған ШҚО отын-энергетикалық кешеніне "Термококс" технологиясын енгізу, көмірден отын брикеттерін (түтінсіз отын) дайындаумен "Термококс" технологиясы бойынша халықты экологиялық таза жылу энергиясымен қамтамасыз етудің кластерлік моделін құру, өңірлік экологиялық банктерді құру, Өскемен үшін ШЖБШ жиынтық томын әзірлеу ұсынылды.

Бұдан басқа, ШҚО-дағы гидрологиялық сипаттағы тәуекелдерді бағалау және климаттың өзгеруіне байланысты олардың трендін анықтау бойынша, ШҚО СЭС Жоғарғы Ертіс каскады су-энергетикалық объектілерінің гидротехникалық құрылыстарын бұзу тәуекелін бағалау бойынша, Алебастр су қоймасында (Ұлан өзені) жаңартылатын энергетика кешенінің пилоттық жобасын құру, ШҚО аумағында жерасты сулары мониторингінің мемлекеттік желісін қалпына келтіру бойынша жобалар ұсынылды.

Сонымен қатар, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының ғалымдары ШҚО атмосфералық ауасының ластануын мониторингілеу және болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу (өндірістік) орталығын құру туралы ұсыныс жасады.

– Бүгінгі таңда Өскемен қаласы атмосферасының химиясы жеткілікті зерттелмеген. Біз тек бірнеше ластаушы заттарды анықтаймыз. Ал қалған химиялық қосылыстар бізге белгісіз. Олар адам ағзасына қалай әсер етеді? Әсерді қорытындылау әсері бар ма? Сондықтан қалада қоршаған ортаны қорғау бойынша ең озық қолжетімді технологияларды зерттеу және енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу (өндірістік) орталығын құру қажеттілігі пісіп-жетілді, – деп түсіндірді физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты А.С. Чурсин. – Математикалық модельдер базасында нақты уақытта қаланың жекелеген аудандарындағы атмосфералық ауаның сапасын бақылауға және оның ластану деңгейін болжауға мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар құрылатын болады. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo