4 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 7-ші ғимаратында Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханасының, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің ғалымдары «Siemens» компаниясының Өскемендегі ресми өкілі Сергей Устименкомен кездесті.
Кездесуге сонымен қатар «Sinetic» компаниясы коммерциялық тобының жетекшісі Евгения Бондаренко қатысты. Кездесу барысында серіктестік жайында, оқу және өндірістік құрал-жабдықтар алу, студенттер практикасын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Инженерия және технологиялар кафедрасының меңгерушісі Мөлдір Баяндинова «Siemens» және «Sinetic» компанияларымен ынтымақтастық күтілетін жаңа білім беру бағдарламалары туралы айтты. Университет қонақтары үшін ғимараттың зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды.
Сандық технологиялар және модельдеу зертханасы