Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы зертханасының "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына вирусқа қарсы төзімділік беруге бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу" жобасын орындау шеңберінде 2021 жылы Ресей мен АҚШ-қа шетелдік іссапарлар жоспарланған.
Ресей Федерациясында ШҚУ ғалымдары А.Г. Лорх атындағы федералдық картоп зерттеу орталығына (Мәскеу қ.), Америка Құрама Штаттарында Вируссыз тұқымдық материал өндіру және картопты сертификаттау зертханасына (Montana State University, Бозман қ., Монтана штаты) барады.
Жоба Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі, PhD М.Ю. Сутуланың жетекшілігімен жүзеге асуда.
Сонымен қатар, Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана ғалымдары PVY, PVX, PVS, PVM, PVL картоп вирустарын анықтау үшін ИФТ диагностикалық тест жүйелерін, өсімдік сорттарының коллекциясын жаңарту үшін картоп сорттарының вируссыз бастапқы тұқымын (пробирка өсімдіктері мен микро түйнектер) сатып алуды жоспарлап отыр.
ШҚУ басшылығы еліміздегі ғылыми зертханалардың басшыларына университет ғалымдарына көрсеткен жоғары білікті көмектері үшін зор алғыс білдіреді.
Баспасөз қызметі