Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымдарының 3 жобасы министрліктің гранттық қаржыландыру конкурсын жеңіп алды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғалымдары Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төменде берілген басым бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында 3 жобаны жеңіп алды:

1. «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар»:

- «Радиоэлектрондық өнеркәсіпте қолдануға арналған жоғары жылу және электрофизикалық қасиеттері бар бериллий оксиді негізіндегі нанокомпозициялық керамика», ғылыми жетекшісі – Қасымов Асқар Бағдатұлы, барлық кезеңдегі қаржыландырудың көлемі – 53 232 054 мың теңге.

- «Ұнтақтарды күйдіру әдісімен кремний карбиді негізінде керамикалық материал алу технологиясын әзірлеу», ғылыми жетекшісі – Әбілев Мәди Балтабайұлы, барлық кезеңдегі қаржыландырудың көлемі – 53 232 054 теңге.

2. «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс»:

- «Әскери қажеттіліктерге арналған белсендірілген көміртегінен алынған графен оксиді мембранасының негізінде ылғалға сезімтал сенсорын жасау» ғылыми жетекшісі – Қуанышбеков Тілек Қуанышбекұлы, барлық кезеңдегі қаржыландырудың көлемі – 48 000 000 теңге.

Ғылыми жетекшілерді құттықтай отырып, мақсаттарына жетуде сәттілік тілейміз!

Инновациялық даму және коммерциаландыру департаменті

Қазақ
× You found a Typo