Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымы «ШҚО-ның экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасын» әзірлеуге қатысты

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасының физика-химиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі А.С. Чурсин «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы» жобасын әзірлеуге қатысты.

7 қазанда ШҚО Экология департаментінде қоғам және ғылыми мекемелер өкілдерінің қатысуымен «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы» жобасын талқылау бойынша кеңес өтті.

Экология департаментінің басшысы Д.Б. Әлиевтің айтуынша, «Жол картасы» ғылыми мекемелер мен экологиялық қоғам тарапынан ұсынылған ұсыныстар негізінде жасалған, 35 тармақтан тұрады, олар облыс әкімдігінің бейінді басқармаларымен талқыланып, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне келісуге жіберілді.

Кеңеске қатысушылар «Жол картасының» іс-шараларын мақұлдап, олардың кейбіреулері бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Анатолий Чурсин отын-энергетикалық кешенге «Термококс» технологиясын тәжірибелік енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті, ол күйе мен күкірт тотықтарының шығарындыларын азайтып қана қоймай, металлургияда пайдаланылатын кокс алуға да мүмкіндік береді. Бұл технология кейіннен Экологиялық кодекстің жаңа жобасында көзделген ең озық қолжетімді технологияларға теңестірілуі мүмкін.

Бұдан басқа, ғалым «Жол картасын» «Алебастр су қоймасындағы (Ұлан өзені) жаңартылатын энергетика кешені» пилоттық жобасын құрумен толықтыруды ұсынды, оны ШҚУ ғылыми тобы пысықтап жатыр.

А.С. Чурсиннің айтуынша, аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру аясында үнемді гидротурбиналық қозғалтқышты қолдана отырып, шағын су электр станцияларын құру бойынша жаңа оңтайлы нұсқаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, экология департаментінің ақпараты бойынша, кеңеске қатысушылар елдімекендерді көгалдандыру жоспарларын іске асыру және осы жұмыстарға экоактивистерді тарту бастамасын қолдады.

«Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС директоры Г.Л. Корешков Өскемен қаласы қоғамдық кеңесінің отырыстарында «Жол картасын» жүзеге асыру кезеңдерін жүйелі негізде жариялауды ұсынды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo