Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғалымының еңбегі «Абайтану» басылымында жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасынан «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымның ХLІ томы жарық көрді.

Басылымның қырық бірінші томында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д. Айжан Маратбекқызы Картаеваның «Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» еңбегі берілді.

Зерттеуде Абайдың даналық тағылымының Әуезов шығармашылығында жалғасуы қаралады. Әдебиет алыптары Абай мен Әуезовтің шығармашылық әлеміндегі көркемдік тұтастық, рухани тамырластық, дәстүр сабақтастығының сан сала арналары кеңінен сөз етіледі. Екі дананың ойшылдық, қоғамдық, гуманистік, суреткерлік ортақ қырлары ашылып, дүниетанымының өзектері, эстетикалық танымдары, ой тереңдігі, сөйлеу тіліндегі рухани тұтастық пен тілдік үйлесімдері зерттеледі.

Томға енген еңбек абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білуді парыз тұтқан білім алушыларға және көпшілікке арналған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo