Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кеңесінің ақпан айындағы отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университет ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті онлайн отырысы өтіп, онда бес мәселе қаралды.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы "2020-2021 оқу жылына ҚБТ қолдану арқылы білім беру процесін жетілдіру бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жол картасының" жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысының м.а. Б.М.Анас діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, білім алушылардың құқықтық сауаттылығы және оқу мен тұру аумақтарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жетілдіру туралы хабарлама жасады.

Университет кітапханасының материалдық-техникалық базасы туралы Ғылыми кітапхана директоры П.К.Нұралиеваның, университеттегі кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б.Болатованың, университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстың барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М.Раисованың ақпараты айтылды.

Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo